Биыл жазда шөп шығымы аз болып, Маңғыстаулық шаруалардың төрт түлігі аштан қырылды. Малмен күнелтіп отырған азаматтардың көмек сұраған өтініштеріне еліміздің жомарт жандарды бірінші болып құлақ асты. Олар өздері шөп шауып, вагон-вагонмен жөнелтуді бастап кетті. Енді міне бұл үрдіс жалғасып, көтерем болған төрт түлікті аяққа тұрғызу үшін еріктілер жем жөнелтуде. Алатаудан мал азығын жіберу үшін арнайы келген жомарт жандар бұл игі іс алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады.