Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына дайындық

c 16:23, 29/07/2021 c 1170

0:00 / 0:00

БҚО-да білім саласында жұмыс істейтін мамандардың 81,8 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған. Бұл туралы білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева мәлімдеді. Осы салада жұмыс істейтін мамандардың 3 пайызы жұқпалы індетпен ауырыпты. Қалған педагогтар денсаулық жағдайларына байланысты екпеге қарсы көрсеткіштері бар деген дәрігерлік анықтама алған. Қазіргі таңда облыстағы барлық білім беру ұйымдары 2021-2022 оқу жылына дайындығын пысықтап жатыр.

Жаңа оқу жылының қай форматта ұйымдастырылатыны барлық ата-ана, педагогтар мен оқушыларды алаңдатқан басты сауал болып отыр. Министрлік өкілдері барлық өңір дайындықтарын пысықтап жатыр, шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды деп айтқаны есімізде. Облыстың білім ошақтары да жаңа оқу жылына мықтап әзірленіп отыр. Білім басқармасының берген ақпарына сүйенсек, биыл сабақтар дәстүрлі форматта өтіп, бір сыныпта оқушылардың саны 25-тен аспайды. Және білім ордасында арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, мектеп формасын киіп жүру міндеттеледі.

Биыл бала санының азаюына байланысты облыста 6 бастауыш мектеп жабылып, 3 орта білім беретін мекеме бастауыш мектеп болып қайта құрылған. Және облыста 388 педагог тапшы. Мектептерге математика, физика, химия мен қазақ мектептеріне орыс тілінен сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді.

Күні бүгінге дейін 1-ші сыныпқа 11 мыңнан астам оқушы қабылданыпты. Жаңа өзгерістерге сәйкес бірінші сыныпқа қабылдау 1-тамызда аяқталады. Биыл жергілікті бюджеттен оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету үшін 2852 млн. теңгедей қаражат бөлінген. Кітаптар өңірге 30-шы тамызға дейін жеткізілмек.

Сурет Шу әкімдігінің сайтынан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.