Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үйдің тұрғындары өз өмірлері үшін алаңдаулы

c 16:43, 29/07/2021 c 1508

0:00 / 0:00

Облыс орталығында өткен ғасырдың бел ортасында пайдалануға берілген үйлер көп. Олардың басым көпшілігі қабырғасы қақырап, шатырынан су кетіп, құлайын деп әзер тұр. Бұл баспаналарды әлі күнге дейін отбасылар бала-шағасымен бірге паналап отыр. Солардың бірі-батырдың есімін еншілеген Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан тұрғын үй. Қазіргі таңда 24 жанұя осы үйде күнелтіп отыр.

Апатты баспананың тұрғындары біраз уақыттан бері жандарын шүберекке түйіп, күнелтуде. Он шақты жылдан бері олар төбе опырылып, астында қалмасақ игі деп өмір сүріп келеді.

Өткен ғасырда салынған тұрғын үй іші қысқы суықта ұлып тұрады. Тозығы жеткен құбырдың кесірінен екінші қабатта жылу мүлдем болмайды. Әрбір тұрғын пәтерін жылыту үшін қосымша электр пештерін жағуға мәжбүр. Пештің көмегіне жүгінбесе, бала-шағасына дейін суық тиіп ауырып, отбасыларынан маза кетеді. Пеш қосылғасын коммуналдық төлемнің де бағасы шарықтайтыны белгілі. Қаланың орталығында орналасқан тұрғын үй апатты деп танылғандықтан газ өткізуге рұқсат берілмеген. Ал, бұл тұрғындардың су алатын жері.
Жауапты мамандар 2021 жылдың 4-тоқсанында апатты үйдің тұрғындарын уақытша баспанаға көшіру жоспарланғанын айтады.

Жалпы Орал қаласында 52 үй апатты деп танылған. Қабырғасы қақырап, шатырынан су кетіп, тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұрған баспаналарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында сүріп, орнына жаңа көп қабатты үй салу ісі қолға алынды. Күні бүгінге дейін 19 үй сүріліп, 9 жаңа көпқабатты тұрғын үй салынды.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.