Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

c 17:36, 22/07/2021 c 1548

0:00 / 0:00

Гүлге оранған Орал қайда?! Осы сұрақ қала тұрғындарын мазалап жүргелі қашан? Бұрын әдемі гүлзар, егілген тал-терек, жасыл желек Оралдың мақтанышы еді. Ал қазіргі жағдайы мүшкіл. Қураған гүлзар, күтіп ұсталмаған ағаштар көзге күйік болып тұрғандай. Оны қала тұрғындары да тілге тиек етті. Орал қаласын гүлдендіру бағытында екі мердігер компаниямен үш жылға келісім шарт жасалған. Тал-теректер мен гүлдер отырғызуға, қураған, апатты ағаштарды кесу секілді басқа да көгалдандыру жұмыстарына 830 млн. теңге бөлініпті. Оның 330 млн. теңгесі "Уланов" ШҚ тиесілі екен. Алайда жауапты мекеме қаражатты тиімді жұмсамай жатырған көрінеді. Қалалық ТҮКШ-ы атқарылған жұмыстарды сапасыз деп таныған.
Ал "Уланов" ШҚ басшысы Елена Уланованың өз уәжі бар. Айтуынша, келісішартта қосымша жұмыстарға қаражат бөлу қарастырылмаған. Гүлдерді күтіп ұстау бойынша шығындар артқан. Сол себепті шаһардың көркі болады деген гүлзардың басым бөлігі қурап кетіпті.
Жыл сайын гүлдермен безендірілген түрлі бейнелер қалаға көрік беріп тұратын. Алайда өткен жылдан бастап көшедегі гүлзарлардың түсі солғын тартып, сұрықсыз күйге ене бастады. Жауапты мекеме қатты соққан желдің салдарынан бірнеше көшедегі ескі ағаштар опырылып, сынып, құлады дейді. Отырғызылған көпжылдық гүлдер де сол кезде ұшып кеткенін алға тартады. Сонда осы жұмысқа деп бөлінген млн.дардың да желге ұшқаны ма? Ал осының салдарынан жасыл желегі жайқалған Жайық өңірінің келбеті солғын тартып барады.

 

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.