0:00 / 0:00
«Қызыл аймақтағы» өңірлерде онлайн түрде ғана Құрбан шала алады. Қазақстанда қауіпті індеттің таралуы өршіп кетті. Осыған орай барша мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан айт мерекесінде карантиндік шараларды қатаң сақтауға тура келеді. Еліміздің мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін мәлімдеме жасап, Құрбан шалудың екі жолын ұсынды. «Сары» және «жасыл аймаққа» енген өңірлерде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып онлайн және офлайн форматта құрбан шалуға болады. Ал «қызыл аймаққа» кірген облыстарда құрбан шалу рәсімін шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асыруға рұқсат бар.
Пандемияның шектеулері мұсылмандар асыға күткен Құрбан Айт мерекесіне де әсер етуде. Елде ковидтің таралуы күшейіп тұр. Соңғы күндері науқастар саны 5 мыңға жуқытады. Үкімет карантин талаптарын күшейтіп жатыр. «Қызыл аймақтағы» өңірлерде құрбан шалуға да шектеулер енгізіліп жатыр. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасап, құрбан шалудың екі жолын ұсынды. Сары» және «жасыл аймаққа» енген өңірлерде рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып онлайн және офлайн форматта құрбан шалуға болады. Ал індет өршіп, «қызыл аймаққа» кірген өңірлердің халық онлайн режимде ғана құрбандыққа мал шала алады.
Сондай-ақ, «қызыл аймаққа» енген өңірлерде құрбан айт дастарханына қонақ шақыруға тиым салынып отыр. Ал ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның мұсылмандық міндетін атқаруына ешқандай шектеу жоқ. Бас мүфтидің айтуынша, Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық жасағысы келген жамағат және көмекке мұқтаж жандар qurban2021.kz сайты арқылы өтініш бере алады. Бүгіннен бастап Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы сайтқа тапсырыстарын бере алады. Ал мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен діни басқармасының жергілікті өкілдіктері және еріктілер айналысады. Өздеріңізге мәлім, «Шопан ата» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде мал қырылып, жұт болып жатқанда құрбандық шалмауды, мал басын сақтап қалуды және зардап шеккен өңірлерге көмектесуді ұсынған еді. Бас мүфти бірнеше адамнан діни басқармаға мұндай ұсыныстар түскенін айтады. Дегенмен, шариғат ережелерін сақтауға міндеттіміз дейді ол.
Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20-ы шілдеге келіп тұр. Осы күні республика аумағында таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. «Қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылмақ.