БҚО-да күн сайын 2000-нан астам азамат ПЦР тест тапсырады. Бұрындары бұл көрсеткіш 2000-ға жуықтаған еді. Сала мамандары соңғы жұмада қатерлі індетті жұқтырған науқастардың саны 17 пайызға артқанын айтады. Өңірде аурушаңдық көбейіп барады. Қазіргі таңда облыс көлемінде ковид-1-ді анықтайтын 13 зертхана бар. Оның екеуі Бөрлі ауданында орналасқан. Қалған медициналық талдаулар жасайтын мекемелер жұмыстарын облыс орталығында жүзеге асыруда. Сала мамандары өңірдің зертханалары тәулігіне 4000-нан астам тестті сараптайтын мүмкіндікке ие дегенді айтады. Қазіргі таңда зертханалар 4 сағаттың ішінде ПЦР тестінің нәтижесін шығарып бере алады екен.
Сурет https://inbusiness.kz/ сайтынан жүктелді