0:00 / 0:00
Жаңа жылдық сауық кештен шыққан Қуаныш Ахметовтың өліміне қатысты сот процесінің нүктесі екі жылдан бері әлі қойылмай келеді. Осыған дейін қалалық сотта қаралған қанды оқиға енді ауданаралық қылмыстық істер сотына берілген. Бүгін бұл іске қатысы бар тағы бір айыптының бар екені белгілі болды.Ол - Қонысқали Әбутәліп. Естеріңізге сала кетеміз, марқұм Қуаныш Ахметов «Сова» күзет компаниясы қызметкерлерінің қолынан қаза тапқан болатын. Қанды оқиға жанар-жағармай бекетінде түнде болған. Бұл іске қатысы бар деп танылған Аян Қафизов пен Абзал Әділовтің үстінен ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9 тармақтарымен қылмыстық іс қозғалуда. Қайғылы жағдайға қатысы бар үшінші тұлға Әбутәліп Қонысқали. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен бұлтартпау шарасы қолданылмаған. Сот айыпты Әбутәліп Қонысқалиға ауыр қылмыс жасады деп айып тағылғанын, ол бостандықта жүрген жағдайда соттан бой тасалауы және тергеу барысында істің объективті түрде қаралуына кедергі келтіруі мүмкін екенін ескеріп және жәбірленуші Ахметова мен оның қорғаушысы - Елеуовтің өтініш хатын қанағаттандырып, сот залынан Қонысқали Әбутәліп дереу қамауға алынды. Істің нүктесі әлі қойылған жоқ. Кінәлілердің бірі - Абзал Әділов осыдан бірнеше жыл бұрын бір бүйрегін өзі танымайтын Шымкенттік қыз балаға беріп, оған өмір сыйлаған еді.