0:00 / 0:00
Бүгін Оралда «Kodokan Spirit» дзюдо орталығы жұмысына кірісті. Спорттық нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты. Дзюдо орталығы жекеншік серіктестік аясында салынған.Кәсіпкер спорттық нысан құрылысына 250 млн. теңге жұмсаған. Енді кәсіби тұрғыда дзюдомен айналысушылар саны артқанын сеніммен айтқан облыс әкімі Ғали Есқалиев көп функционалды спорттық нысанның жұмысына сәттілік тіледі.Дзюдо күресі олимпиадалық ойындар тізіміне енгендіктен бүгінде осы спорт түріне басым бағыт берілуде. Ал мұндай кәсіби орталық еліміздің аумағында саусақпен санарлық. Облыста аталмыш спортқа жалпы саны 300- ден аса адам ден қойыпты. Ғимарат кореялық жоба бойынша бой көтерген. Көп функционалды спорттық кешен болғандықтан мұнда 20-ға жуық үйірме жұмыс жасайтын болады.Спорт сабақтары ақылы түрде де өткізілмек. Жаңа кешен 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.