Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КОВИДТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ  МӘЙІТІ АУЫСЫП КЕТТІ»

c 10:17, 09/07/2021 c 773

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтанда ковидтен қайтыс болғандардың мәйіті ауысып кетті. Күні кеше індеттен көз жұмған Әбу Дүгенбайдың туғандарына  мәйітхана мүлдем басқа адамның денесін берген. Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталыққа қарасты мәйітхана қызметкерлері, оның мүрдесін  Жұмабек марқұмның денесімен шатыстырып Тараз қаласына жіберіп қойғандарын айтқан. Марқұм Әбу Дүгенбайдың балалары айғай шығарып, әкелерінің Тараз асып кеткен мәйітін бүгін әуежайда қарсы алды.   Жантүршігерлік жағдайға тап болған туғандары «бұл аруақты қор қылу» деп отыр. Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталықты сотқа бермекші.

Нұр-Сұлтанда ковидтен қайтыс болғандардың мүрдесі ауысып кетті. Күні кеше індеттен көз жұмған 70 жасар Әбу Дүгенбайдың туғандарына  мәйітхана бүгін мүлдем басқа адамның денесін берген. Өз қателіктерін мойындаған мәйітхана қызметкерлері, оның мүрдесін  Жұмабек марқұмның денесімен шатыстырып Тараз қаласына жіберіп қойғандарын айтқан. Марқұм Әбу Дүгенбайдың балалары айғай шығарып, әкелерінің Тараз асып кеткен мәйітін кері қайтарып, бүгін елорда әуежайында қарсы алды.  Шум (жылап жатыр) Марқұмның  туғандарына мәйттің бетін ашуға болмайды деген нұсқау болған. Бұл сұмдық жағдайды марқұмның туыстары  мәйттің бетін ашып қарамаса білмей қалатын едік деп отыр.

Жантүршігерлік жағдайға тап болған туғандары аурухана қызметкерлерінің өз жұмысына салғырт қарайтындығын айтып,кіналап отыр. Бұл аруақты қор қылу дейді олар.

Ал Тараздағы  жұрт күтіп отырған 63 жасында  көз жұмған марқұм Жұмабектің мүрдесі ол қалаға бүгін кешке бірақ жеткізіледі. Баласы мәйітке кіріп, әкесінің денесін танып, ақыретін сол жердегі қызметкерлерге тапсырып шыққан. Алайда, мәйітті тапсырарда ауысып кетіп отыр. Таразға мүлдем танымайтын адамның мүрдесін әкетіп бара жатқанымды білмедім ғой дейді ол. Осындай қайғылы жағдайда, аруақтардың мүрдесін ары-бері тасып, сандалтып қойған аурухананы сотқа беремін деп отыр марқұмның баласы.

Ковидтен көз жұмған марқұмдар  елордадағы көпсалалы медициналық орталықта жатқан. Аурухана басшылығы бұл келеңсіздік үшін туғандарынан кешірім сұрады. Мәйіттерді тасымалдау бойынша шығынды аурухана көтереді деп отыр.

Өздеріңізге мәлім, коронавирустан көз жұмғандардың мүрдесі тек жерлеу күні ғана туғандарына беріледі. Дәрігерлер санитарлық нормаларға сай мәйіттің бетін ашпауға кеңес береді. Тіпті марқұмды үйінде арулап шомылдырып, қонағасын күтуге де рұқсат жоқ. Бірден жерленеді. Өкінішке орай мұндай сұмдық деректер өткен жылы да орын алған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.