Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутат Тілеуханның асыл тұқымды жылқылары

c 09:39, 07/07/2021 c 781

0:00 / 0:00

Ат құмар мәжіліс депутаты Бебколат Тілеухан асыл тұқымды жылқылары жайында айтып берді. Мәжілісмен тіпті бәйге аттарының құнын да жариялады. Бұл жайында ол «Бәйге түрлері бойынша Елбасы кубогына республикалық турнир өткізу туралы» тақырыбында өткен онлайн баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ, депутат коивдке қарсы вакцина алғанын жариялады.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның ат құмарлығы ешкімге құпия емес. Тіпті осы қызығушылығын жұмыста да қолға алған. Бүгінде депутаттықпен қатар,  Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті  міндетін атқарып жүр. Тілеухан депутаттық жалақыға қарап отырған жан емес екенін оның асыл тұқымды, қымбат жылқыларынан –ақ білуге болады. Брифинг барысында журналистерді  алдағы өтетін бәйге емес, оның жеке басына қатысты сұрақтар көп мазалады. Мәлім болғандай депутат Тілеуханның бәйгеге шабатын алты аты бар екен. Аттарының атауы да, құны да керемет.

Бекболат Тілеухан – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -"Асыл тұқымды жылқыларым бар. Лаулат дейтін қостанай айғыры бар. 900 мың теңгеге сатып алдым. Одан кейін Салкүрең дейтін атым бар, ол да қостанай жылқысының тұқымы. Өте төзімді ат, оны 550 мың теңгеге алдым. Сосын Шешенстандағы таныс бауырларым ағылшын тұқымдас жылқы сыйлады. Ол да келешекте бәйгеге қосылады»

Мәжілісменге Шешенстандық достары мырзалық танытып, сыйға тартқан аттың құны  8 мың еуроны құрайды. Теңгеге шаққанда 4 миллион.  «Бұл шешен бауырларымның  қазақтың ұлттық спортына, жеке өз басыма көрсеткен құрметі»- дейді ол. Сондай-ақ, Бақторы дейтін ат та депутатқа сыймен келген екен. Оны Нұрбол Болатұлы сыйлаған, бірақ «аттың құнын білмеймін»- дейді ол.  Бұдан басқа  жай мініс, аңға шыққанда мінетін аттары да баршылық екен. Бәйге ат ұстайтын, жылқы құмар жанның үйір-үйір жылқысы барына да күмәніміз жоқ.  Баспасөз маслихаты барысында, бүгінгі күннің басты тақырыбы-вакцина мәселесі де қозғалды. Халықтың қалаулысы ковидке қарсы екпе жасатып алғанын айтты.

Алайда мәжілісмен нақты қай вакцинаны салғызғанын айтпады. Балаларының кейбірі екпе салдырған екен. Еске сала кетейік Тілеухан көпбалалы әке, 14 баласы бар. Ал депутат осыдан екі жыл бұрын балаларды міндетті вакцинациялауға үзілді-кесілді қарсылық білдіргенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.