Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ тапсырған 57 мың түлек шекті балл жинай алмады

c 09:39, 07/07/2021 c 650

0:00 / 0:00

Биыл елімізде ҰБТ тапсырған 57 мыңнан аса түлек шекті балл жинай алмады.Тестілеу ережелерін бұзған 1305 адамның ҰБТ нәтижелері жойылды. Ұлттық тестілеу орталығы басшысының міндетін атқарушы  Наужан Дидарбекованың айтуынша, ҰБТ тапсыруға келген түлектер арасында өзінің орнына басқа адамды жібергендерің әрекеті әшкерленді. Жалпы биыл  145 288 талапкер ҰБТ тапсырды. Шекті балды тест тапсырушылардың  60 проценттен астамы жинады.

11 жылдық орта білімді тәмамдап, үлкен жолға бет алған талапкерлердің өтетін ең маңызды сынағы бұл - ҰБТ. Биылғы түлектер үшін елімізде  Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет "1 компьютер - 1 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша  электронды форматта өтті. Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – талапкерге тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Дегенмен, тест тапсырған 145 288 талапкердің 57 мыңы шекті балды жинай алмады. Сондай-ақ, ҰБТ тапсыру ережесі қаатң бақыланып отырса да, тиым салынған заттарды кіргізуге тырысқандар болды. Тіпті, өзінің орнына басқа адамды тестке кіргізбекші болған әрекеттер де тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Осы  жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы қорытындысы 25 тамызға дейін шығарылады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазба талданады. Егер талапкердің емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады. Дегенмен, ҰБТ-ға қатысты қоғамда теріс пікірлер әлі де орын алады. Бұл сынақ балалардың психологиясына кері әсер етеді. Осы ҰБТ-ны тапсырмау үшін көбісі шетелде оқуға бел буады деген ойлар да бар. Мысалы, Еуропа елдерінде грантқа оқуға мүмкіндік көп. Білімді, ақылды жастарымыз шетелдің грантын ұтып алып, елден кетіп жатыр.  Әрине Қазақстанда да мемлекеттік гранттар бөлініп, жастарды елде ұстап қалуға тырысуда. Алайда, еліміздегі оқу орындарының бәрі бірдей сапалы білім беріп жатыр деп айту қиын. Оған дәлел білім министрлігі биыл 37  ЖОО-ң  143 лицензиясын қайтарып алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.