0:00 / 0:00
Орал қаласында шағын және орта бизнестің жұмысы қыза түскен. Бизнес субъектілері пандемияның келтірген зардабына қарамастан қызметін жалғастыруда. Қарапайым азаматтарға азық-түлік пен қызмет көрсету саласы керек болса, ал бизнеске, жергілікті кәсіпорындарға қолдаудың маңызы зор.
Мемлекеттік оңтайлы несиелендіру бағдарламаларының қатысушысы ретінде "Нұрбанк" оң өзгерістердің болып жатырғанын айтады. 2021 жылдың басынан бастап шағын және орта бизнеске берілген несиенің көрсеткіші 29 пайызға артқан.
Тұтынушыларға бірінші кезекте 6 пайыздан 8-пайызға дейін субсидияланатын қаржыландыру ұсынылады. Бүгінгі таңда кәсіп иесі "Бизнестің жол картасы -2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша арзандатылған несие рәсімдей алады.
"Нұрбанкте" бизнеске қажетті ғимараттар, көлік пен мен арнайы техника сатып алуға арналған несиелер бар. Сонымен қатар, банк тұтынушылары тендерлік кепілдік пен кепілдіксіз келісімшартты орындау сынды қызметтерді белсенді пайдаланады.