Облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев БҚО-ның БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жиында сөз алған өңірдің бас прокуроры ақпарат майданында жүрген барлық қызметкерлерге қызығы мен қиыншылығы мол жұмыста шығармашылық табыс тіледі. Облыс прокурорының құттықтауына "Ақжайық", "Астана" телеарнасы мен газет, радио қызметкерлері, басшылары ие болды. Сондай-ақ "ТДК-42" телеарнасының директоры Бағдат Ізмағанбет, бас редакторы Эльмира Рахмешева, арнаның тілшілері Роман Копняев, Марина Горбук пен Ажар Хамитова марапатталды.