0:00 / 0:00
Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры 28-маусымын аяқтады. Театр тарландары көрерменге Иран Ғайыптың "Махамбетін" ұсынып, маусымды қорытындылады. Биыл аталмыш өнер ұжымы көзі қарақты көрерменге 44 спектальді онлайн және офлайн режимде ұсынған болатын.
Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры 28-ші маусымын Иран-Ғайыптың Махамбетімен қорытындылады. Пандемия басталғалы бері мәдениет ошағының жұмыс кестесі біраз өзгеріске ұшырап, әртістер көрерменмен көгілдір экран арқылы қауышып, өнерлерін ортаға салды. Биыл театр тарландары 44 қойылымды патша көңілді көрерменнің назарына ұсынған.
28-театр маусымы Иран Ғайыптың "Махамбетімен" қорытындылады. Спектакальде ұлт-азаттық көтерілістің басы-қасында жүрген Исатай мен Махамбеттің бейнесін актерлер ерекше сомдап, қойылым барысында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қойылымды тамашалаған көрермендерді сөзге тартып көрдік. Олар бірауыздан театр сахнасында көрерменге жол тартқан спектакальдің көңілдерінен шыққанын айтады.
Көрермендер театр тарландарының әсерлі қойылымын тамашалап болғаннан кейін, ұжым атынан киелі сахнада өнерін шыңдап, талай тұлғаны сомдаған актерлерге марапаттарын тапсырды. Хадиша Бөкеева атындағы драма театрдың ұжымы әр қойылымды қалт жібермей, бекзат өнерді тамашалап жүрген көрермендері мен "төртінші билік" өкілдері атанған журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, БАҚ ұжымдарына алғыс хаттарын табыстады.