0:00 / 0:00
Қазақстандағы 7,5 мектептің 6 пайызындағы ғана күзет бар. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазандағы қайғылы оқиғадан соң ел мектептеріне жүргізген тексеру нәтижесін жариялады. Министрдің айтуынша, орта білім беретін мектептердің 30 пайызында дабыл жүйесі жоқ, турникеттер мен металл іздегіштер тек 5 процентінде, күзет ұйымдары 6 процентінде ғана бар. Еске сала кетейік, 11 мамырда Татарстанның Қазан қаласында мектепте қайғылы оқиға болды. 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназияда оқ жаудырып, жеті бала мен екі мұғалім көз жұмған еді. 20 адам ауруханаға түсті. Сол кезде мектепте 700 адам болған еді.
Еске сала кетейік, Татарстанның Қазан қаласындағы мектепте болған қайғылы жағдайдан соң, Президент елдегі білім ордаларының қауіпсіздігін бақылауды жүктеген болатын. Сенатор Дана Нұржігіттің айтуынша, бұл оқиға жалпы мектептердің қорғансыз екенін көрсетті. Депутатты Қазақстандағы мектептердің бүгінгі жағдайы мазалады.
Еліміздің бас полицейінің мәліметінше, 7500 мектепте тексеру жүргізілген. Соның алты пайызында ғана күзет қызметі ұйымдастырылған.
Министр жоғарыда аталған кемшіліктерді білім министрлігімен бірлесе отырып жоямыз дейді. Мектептерде қауіпсіздік шараларын қамту үшін қаражат та бөлінген.Депутаттар бұған дейін де бала қауіпсіздігіне қатысты мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын. Татарстан елінде орын алған қайғылы оқиға бізге сабақ болуы керек. Ел мектептеріндегі қауіпсіздік шараларын қамту әлі де болса кенже қалып отыр. Антитеррористік орталықтың мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 3 мыңнан астам білім және мәдениет нысаны террористік қауіпке жауап бере алмайды. Министр айтқандай мектептердің бәрінде бірдей бейнебақылау орнатылмаған, дабыл қағу құрылығысы да жоқ. Мектептің кіре берісінде отыратын күзет -зейнеткерлік жастағы апай немесе ағай. Егде жастағы адам мектепке қауіп төнген сәтте балаларды қорғай алмайтыны сөзсіз.