Өңіріміздің аумағында қызмет жасап жатқан ірі компаниялардың бірінде еңбек шартына отырмай, еңбек еткен 17 азамат анықталды. Қызмет жасаған жұмысшылардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары көрінеді. Аталмыш заң бұзушылықты фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Кейін, жұмыс беруші 17 азаматпен еңбек шартын жасасып, мемлекетке 136 мың теңге айыппұл төлеген.