0:00 / 0:00
Қаланың іргесінде орналасқан Тоқбай ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері жолдың жоқтығы мен жарықтың жиі сөнуінен зардап шегіп отыр. Тіпті ауыл тұрғындары қоқыс тастайтын контейнеріміз жоқ. Соның кесірінен қатты тұрмыстық қалдықтарды бірі отқа жағып, енді бірі қалаға тасып отырмыз,- дейді.
Бұл- қаланың іргесінде орналасқан ауыл. Оның жерін кезінде промаймақ құрам деп бәзбіреулер сатып алады. Жаңа қожайын араға жылдар салып, жер телімін пайдаланудың мақсатын өзгертіп, жер учаскелерін азаматтарға сата бастаған. Бүгінде осы жер шағын ауылға айналып үлгеріпті. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, көшіп келіп, үй салып жатырған тұрғындар көп. Біраз жыл бұрын осы жер учаскесін сатып алып, баспанасын орнықтырған халықты толғандырған мәселе аз емес. Біріншісі-жолдың жоқтығы. Шағын ауданға кіретін жайын жол бар. Осы жайын жол қыста қардан аршылмай, жаңбыр жауса, күз бен көктемде ми батпақ болып, көпшілікті әбігерге салады. Ауылдық ағайын жазда топырақтан көз ашпайды.
Ауыл тұрғындары жолдан бөлек жиі сөніп қалып, техникаларын жандырып, істен шығарған трансформатор жұмысына шағымданып отыр. Үй көбейген сайын жарықтың сөнуі де жиілеген. Жарық өшкенде техникасы бірге істен шығатын тұрғындар тұрмысқа қажетті электр жабдықтарды жыл сайын жаңалау қалтамызға салмақ салады,- дейді.
Бұдан бөлек азаматтар қатты тұрмыстық қалдықтарды қайда апарып төгерін білмей, бірі үйінің жанында өртесе, енді бірі қала мен жолда орналасқан жәшіктерге тасып күн көруде. Тұрғындар қоқыс таситын мекемемен келісімшартқа отырғысы келсе, әрбір тұрғынның мекенжайы әртүрлі. Бір көшенің бойында орналасқан үйлердің көше атаулары әртүрлі екен.
Шағын аудан тұрғындарының базынасына қатысты ауыл әкімінен сұрадық. Атқамінер әуелі аталмыш жер учаскесі жекеге тиесілі деп айтты. Кейін осы жер телімдері Тоқбай ауылының аумағына енгенін жеткізді. Әкімнің сөзіне сенсек, бірнеше күн бұрын күл-қоқыс жинайтын кәсіпорынның басшысы аталмыш шағын ауданға қоқыс жәшіктерін қою сауалы бойынша келіп, ақылдасқан екен.
Жол салу, электр желісінің сын көтермеуі сынды күрделі мәселелердің қашан шешілерін әкімнен білмек болып едік. Ол бұл сауалдардың барлығын жер иесі шешуі керек дегенді алға тарты. Жер телімдері иесінің өңірдегі өкіліне қоңырау шалған едік. Ол телефон арқылы айтқан әңгімесін эфирден беруге қарсылық білдірді. Және жолды қай кезде жөндейтінін де кесіп айтпады. Кейін Подстепный ауылының әкімі әлгі шағын ауданның аумағы Тоқбай ауылының бас жоспарын жасаған кезде ауылдың аумағына қосылғанын сүйіншіледі. Енді шағын ауданның тас жолы қыста қардан тазартылып, тұрғын үйлерге дұрыс мекенжай беру мәселесі де реттелмек. Және ауыз су тарту мәселесі де қарастырылып жатыр екен.