Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аурушаңдық өсуде

c 14:23, 16/06/2021 c 680

0:00 / 0:00

БҚО-да ковид жұқтырғандар саны қайтадан өсуде. Осы аптада өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары қайта көбейе бастаған. Қоғамдық көліктерде адамдардың көбі бетпердесіз жүр. Тұрғындардан бетперде киюді талап етпеген жолаушы тасымалдаушы компанияларға енді субсидия берілмейді. Бұл туралы облысы әкімі Ғали Есқалиевпен өткен жедел штаб отырысында айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың айтуынша, соңғы кездері түрғындардың вакцина алу қарқыны да төмендеген. Мәселен, сәуір айында күніне 3000-дай тұрғын вакцина алған болса, қазіргі кезде күніне 1000 адам, сенбі-жексенбі күндері 400-дей тұрғын вакцина алады. Соңғы аптада өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуі байқалады. Мәселен, 1-7 маусым аралығында өңірде 634 адам инфекция жұқтырса, 8-14 маусым аралығында 712 адам ауруға шалдыққан. Өсім 11% құрайды. Қала әкімінің айтуынша, қоғамдық көліктерде қала тұрғындарының басым бөлігі бетпердесіз жүретін болған. Жүргізушілер мен кондукторлар тұрғындардан тұмша режимін талап етпейді, - деп атап өтті шаһар басшысы. Облыс әкімі Ғали Есқалиев мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Облыста "Ашық" мобильді қосымшасын дұрыс қолданбаған  35 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы екі аптаға тоқтатылыпты.Облыс әкімі маска режімін сақтамай, тұрғындар өміріне қауіп төндірген жолаушы тасымалдаушыларға субсидия берілмейтіндігін айтты.Сондай-ақ вакцинаның ІІ компонентін ала алмай жүрген тұрғындар шағымы да облыс басшысының назарынан тыс қалмады. Бұл мәселені кезек күттірмей, шұғыл шешуді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қалибековке тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.