Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Зейнет жасы төмендетілмейді»

c 11:07, 15/06/2021 c 434

0:00 / 0:00

Зейнет жасын төмендету мәселесі қаралып жатқан жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов осылай деді.  Министрдің айтуынша, зейнет жасын қысқартсақ, сол адамдар зейнетақы қорында қажетті зейнетақы көлемін жинақтап үлгермейді. Еске сала кетейік бұған едйін мәжілістің бір топ депутаты үкіметтен зейнет жасын 60 жасқа төмендетуді талап еткенді.

Қазақстан 1998 жылдан бастап зейнетақы жинақтау жүйесіне көшті. Азаматтардың тапқан табысының 10 пайызы осы зейнетақы қорына аударылады. Осылайша еңбе кжолындағы жиған-терген жарнасы, зейнет жасына шыққанда өзіне зейнетақы ретінде төленеді. Яғни кәріліктің қамын жастайынан қамтып жатқан қазақстандықтар бұл зейнетақы қорының болшағына күмәнмен қарайды. Себебі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты айналдырып отырған үкіметке сенбейді.Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы жүріп жатқаны мәлім. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып, 63 жаста зейнеткер атанады. Ерлер үшін өзгерген жоқ. Сол 63 жаста зейнеткер болады. Алайда, мәжілістің бір топ депутаты үкіметтен қазақстандықтардың зейнет жасын 60 –қа төмендетуді сұрағанды. Депутаттардың айтуынша, зейнетақы қорындағы жинақтар төмендеп жатыр. Соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет былтыр 17 млрд теңгеге қысқарған. Халықтың зейнетақы жүйесіне қатысуы нашарлады, бұл әлеуметтік қиындықтарға әкеліп соғады. Тіпті еңбек жолында жүріп зейнеткерлікке шыға алмай қалып жатқандар да қаншама. Алайда, еңбек министрі депутаттардың бұл ұсынысы қарастырылып жатпағанын айтады. Яғни зейнет жасы төмендетілмейді.

Серік Шәпкенов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі -«Министрлікте зейнет жасын төмендету мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл жерде мына бір мәселені ескеру керек. Зейнет жасын төмендетсек, ол адамдар қажетті зейнетақы көлемін жинап Ұүлгермеуі мүмкін. Сонда оның мөлшері аз болып шығады. Зейнетақы аннуитеті бар. Қажетті соманы жинаған адам зейнетақыны мерзімінен бұрын ала алады».

Министрліктің мәліметінше,  өткен жылы зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткілікті сома 55 жастағы ер адамдар үшін 11,3 миллион теңге, ал 51 жастағы әйелдер үшін 15,5 миллион теңге болды. Биылдан бастап ер адамдар 6 млн 700 мың теңгеден және әйелдер  9 миллион теңгеден бастап зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады. Оны алдын ала 45 жаста да жасап қоюға болады. Ол үшін есепшотта 6-7 миллион теңге болуы шарт. Еңбек министрлігі биыл бірлескен аннуитеттер жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Зейнетақы аннуитеті шартына бір адам емес, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар бірге қатыса алады. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірінің өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитет сатып алуға зейнетақы жинағы жетпей, екіншісінде артық болса, бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлемдер төленеді. Бүгінде  61 мыңнан астам адам 283 миллиард теңгеге зейнетақы аннуитеті шартын рәсімдеп алыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.