Жасы 50-лер шамасындағы әйел адам жаяу жүргіншілер жолағында қаза тапты. Қайғылы оқиға Орал қаласының Әбілқайыр хан даңғылының бойында болған. Азаматшаны жол бойында жүк көлігі қағып кеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, жәдел жәрдем қызметіне сағат 12:04-те қоңырау келіп түскен. Медицина қызметкерлері оқиға орнына араға 5 минут салып жеткен. Зардап шеккен азаматша алған жарақаттарының ауырлығынан оқиға орынында тіл тартпастан о дүниелік болған.