Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүрек ауруын емдейтін жайлы ғимарат болмай тұр

c 18:13, 11/06/2021 c 584

0:00 / 0:00

Облыс орталығында 2003 жылдан бері жұмыс жасайтын кардиологиялық ауруханаға жаңа ғимарат салу мәселесі біраз жылдар бойы көтеріліп, бірақ әлі күнге өз шешімін таппай келеді. 2019 жылы экс-әкім Көлгінов бұрынғы министр Асқар Жұмағалиевке 3Д технологиямен жасалатын жаңа орталықтың ғимаратын таныстырған-ды. Алайда сол жоба тек жоба күйінде қалды. Содан бері кардиологиялық орталықтың мамандары орын тапшы болуына байланысты науқастарды дәлізде емдеуге мәжбүр болып келді. Ал бүгінде коронавирус эпидемиясы жағдайында аурухананың әкімшілік бөлімі Еуразия лагерінің ғимаратына көшкен.

Кардиологиялық орталық 140 науқасқа арналған. Алайда жүрек- қан тамырлары сыр беріп, дәрігерлердің қабылдауында болатын науқастардың саны жыл санап артып келеді. Жаңа кардиологиялық аурухананың ғимаратын салу өңірдегі өзекті мәселе. Бір кездері қалалық көпбейінді аурухананың жаңынан жаңа кардиологиялық корпус салынады деген хабарлаған еді. Алайда бұл жоспар сол күйі орындалмай, бүгінде дәрігерлер тар ғимаратта талай адамның өмірін ажалдан арашалап жүр. Облыс әкімі Есқалиев өңірдің дәрігерлерімен кездескенде, құрылысы аяқталмаған жаңа түрменің ғимаратын кардиоорталыққа беру туралы айтты. Бірақ бұл жоспар ұсыныстан әрі аспағанға ұқсайды. Ауруханада коронавирусты жұқтыру деректерін болдырмас үшін әкімшілік көрші мекемеге көшкен.

Сырқатты емдеу үшін аурухана құрылғылармен жабдықталуы керек. Дәрігерлер қазір бар құрылғылармен жүрек-қан тамырларының ауырын тексеріп, ем-дом жасауда.

Қазіргі таңда коронавирустың таралуына жол бермес үшін жыл сайын жүрегін емдететін жандардың жоспарлы емі кейінге қалдырылған.

 

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.