Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗҒАНЫШТАН ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН

c 17:42, 11/06/2021 c 584

0:00 / 0:00

Оралда дүкен сатушысына жасалған шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода әйел мен ер адамның сөзге келіп қалғаны байқалады. Ашуға булыққан ер адам азаматшаға пышақпен бірнеше рет соққы жасайды. Кейін қаша жөнелген. Тексеріс кезінде күдіктінің дәл сол сәтте мас болғаны анықталған. Қазір оқиға болған дүкен жұмысын жалғастыруда. Қарулы шабуылдың дәл осы жерде болғанын байқау қиын. Қан іздері сүртіліп, бәрі ретке келтірілген. Жергілікті тұрғындардың біразы оқиға жайлы естіген. Көзбен көргендері де бар. Алайда ешқайсысы қанды оқиға жөнінде тіс жармады. Ал сол күні қылмысын жасап, қаша жөнелген күдіктіні полиция қызметкері алысқа ұзатпай қолға түсірген еді. Айтуынша, тәртіп сақшысы жұмыстан келе жатқан екен. Қатты дауысты естіп, көмекке ұмтылған. Сол кезде қашып құтылмақ болған күдіктіні көріп, артынан қуа жөнеліпті.
Күдікті азамат Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, бұндай әрекетке баруға қызғаныш себепші болыпты-мыс. Зардап шеккен азаматша мен күдікті жақын қарым-қатынаста болған көрінеді.
Ал сол күні пышақ жарақатын алған 1985 жылғы әйел адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Бүгінде азаматшаның жағдайы ауыр. 24 сағат бойы дәрігерлердің бақылауында.
Бұл шаһарымызда тіркеліп отырған алғашқы жағдай емес. Естеріңізге салсақ, 20-шы сәуір күні ер адам қызғаныштан бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген болатын. 30 жастағы азамат әйеліне 18 рет пышақ сұққан. Азаматша алған ауыр жарақаттарының салдарынан полиция көлігінде қайтыс болған еді.

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.