Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инвесторлар есебінен жылыжай салынады

c 18:22, 09/06/2021 c 700

0:00 / 0:00

Теректі ауданындағы Пойма стансасы маңында орналасқан «Broeikas Uralsk» компаниясының индустриалдық аумағында «Van Der Hoeven» голландық компаниясының өкілдері 55 гектар аумақты құрайтын жылыжай кешені құрылысының алғашқы іргетасын қалады. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев және Нидерланды корольдігіндегі ҚР-ның Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиев қатысты.Болашақта жылына 40 мың тонна көкөніс өсіріп, оны экспорттауға қауқарлы кешеннің жалпы құны 160 млн. долларды құрайды. Кешен салынатын орында болған облыс әкімі Ғали Есқалиев аймақта голландиялық технологиялармен жұмыс жасайтын үш ірі жылыжай кешенін ашу жоспарланып отырса, олардың екеуі жұмыс жасап тұрғанын айтты. Жылыжай кешеніне 500 адам жұмысқа тартылады деп жоспарланса, 55 гектар аймақты игеру кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Жиналатын өнім жергілікті тұрғындарды қамтып қана қоймай, шет мемлекеттерге де экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр. Бұдан кейін голландық компанияның сату бойынша менеджері Боб Ханч пен Қазақстандағы Нидерландия корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Андре Карстенс сөз алып, жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс жасауға әрқашанда ынталы екендіктерін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.