БҚО-да 470 адам алимент төлемей, жалтарып жүр. Бұл туралы жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлері мәлімдеді. Жалпы облыста 8832 іс өндірісте екен. 6628 адам алиментін уақытылы төлеп немесе экс-жұбайымен келісімге келіпті. Биыл қасақана алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың 51-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір адам қылмыстық іс бойынша 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. Жеке сот орындаушылары қасақана алимент төлеуден жалтарып жүргендер еңбекақысын жасырып, дүние-мүлкін өзге туыстарына жазады,- дейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша бір балаға жалақаның 25 пайызы, екі балаға 33 пайызы, ал үш және одан көп балаға еңбекақының 50 пайызы төленуі тиіс.