0:00 / 0:00
2020 жылдан бастап еліміздің мектептерінде 1 сынып оқушыларына баға қойылмайды. Білім министрлігінің бұл жаңашылдығы пандемиямен қатар келгендіктен, ата-аналар тарапынан қашықта оқыған соң бағалау болмады деген түсінік қалыптасты. Биыл 1 сыныпты тәмамдаған оқушылар бағаның не екенін білмейді. Білім министрлігі өкілдері баланы бағаға тәуелді қылып оқыту, оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді дейді.
Пандемия барысында мектеп табылдырығын енді ғана аттаған 1 сынып оқушылары қашықтан оқып, мектепті де, оқу үлгерімі үшін бағаны да көрмеді. Ал білім министрлігінің 2020 жылы шыққан бұйрығында 1-сыныпта жылдық баға қойылмайды делінген. Тек баланың күнделікті сабаққа қатысуына орай оның үлгерімі баллмен белгіленеді. Бұрын мұғалім берген тапсырманы орындап, оқып келген бала сабағын айтып, тиісті бағасын алып, сонымен оның оқу үлгерімі бағаланатын. Бестік пен екілік оқушының оқу үлгерімін айқындайтын. Алайда, халықаралық тәжірибеге сүйенген білім министрлігі оқушыны бағаға тәуелді қылып оқытпай, оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік берген жөн деп отыр. Пандемия барысында қашықтан оқыған 1 сынып оқушыларына баға қойылған жоқ. Яғни оқушылар бағаның не екенін білмейді. Ата-аналар болса баласының оқу үлгерімі қандай екеніне нақты көз жеткізе алмады.
Шолпан Каринова – ҚР білім және ғылым вице-министрі «2020 жылдан бастап 1 сыныптарға баға қоймау туралы шешім қабылданғанды. Бұл шешім карантиндік шектеулермен сәйкес келіп қалды. Енді болашақта 1 сынып оқушыларына баға қойлымайды. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Көптеген көшбасшы елдерде осылай».
Мамандардың айтуынша, баға қойғанда мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, бүған күмәнмен қарайды. Бұл баланың қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Мұғалім оқушыға баға қоюда оған психологиялық қысым жасалады. Оқушы мұғалім мен ата-анасына оқу үлгерімін дәлелдеу мақсатында білім үшін емес баға үшін оқиды. Баға балаларды салыстыруға әкеп соғады. Нәтижесінде орташа оқитындардың ынтасы мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың жетістікке жетуіне жағдай жасалмайды.