0:00 / 0:00
Оралда жаңа технологиямен кірпіш өндірісі қолға алынды. Құрылысқа қажетті арболит блок соғуды қолға алған кәсіпкердің жобасына мемлекет қолдау көрсеткен. Кірпіштің бұл түрі бұрынғыларға қарағанда өзгерек дейді сала мамандары. Мәскеулік технологиямен өндірілетін құрылыс материалдары өте төзімді көрінеді. Соған қарамастан оның құрамына қолданылатын шикізат та қолжетімді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына үміткер ретінде қатысқан жобаға мемлекеттік грант бөлініп, кәсіпкерге 5 млн. теңге демеу қаржы төленген.Бұл жерде күнінен 250 дана арболит кірпіші өндіріледі. Қазіргі уақытта цехта 4 адам жұмыспен қамтылған. Техникалар шетелден әкелінген. Болашақта сұранысқа орай 10-15 адамға дейін еңбекке тартылатын болады. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 50 млн. теңге бизнеске қолдау көрсетілген. Қазір гранттарға құжат қабылдау аяқталыпты. Алдағы уақытта жастарға арналған кәсіпкерлікті қолдау тетіктері қолға алынады. Оған қатысуға 29 жасқа дейінгілерге мүмкіндік жасалған