Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол қауіпсіздігін қадағаламағыны үшін сөгіс алды

c 17:58, 03/06/2021 c 756

0:00 / 0:00

БҚО-да үй жануарларының қатысуымен тіркелген жол көлік оқиғалары жиілеген. Осы орайда жол қауіпсіздік шараларын дұрыс ұйымдастырмаған Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке және осы салаға қатысты бірқатар басқарма басшыларының да жұмысына сын-пікірлер айтылды.Жыл басынан бері аймақта 99 жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 42 адам қаза тапса, 157 тұлға түрлі дене жарақатын алған. Әсіресе жол бойындағы апаттар Ақжайық ауданы мен Оралды жалғайтын тасжолда болады. Өңір басшысы Ғали Есқалиев бұған дейін аудан әкіміне қауіп-қатердің алдын-алу бағытында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Оның ішінде мал санағын уақытылы жүргізу жәйі тапсырылған еді. Ең өкініштісі-аудандағы жылқылардың иелеріне қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Өйткені Қамбар ата түлегі түн уағында қараусыз жүретіндіктен көп жағдайда апаттар жол бойына жылқылардың кенеттен шауып шығуынан орын алуда. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншинің берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 16 мамырында түнгі сағат 11-дің шамасында "Орал - Атырау" автожолының 75-ші шақырымында Лада маркалы көлік жүргізушісі екі жылқымен соқтығысып, оқиға орнында үш адам қаза тапқан. Оның біреуі кәмелетке толмаған 2008 жылғы жасөспірім. Ал «Электронды бақташы» жобасымен облыста не бары 30 шаруа қожалығы жұмыстануда. Бұл бағыттағы шаралар осы Ақжайық ауданында жақсы жолға қойылыпты. Қызметіне салғырт қараған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы алдағы уақытта «лауазымында қала ма, жоқ па» ол жағы тәртіптік кеңесте қаралатын болады. Бұдан бөлек жол бойына кемпингтер тұрғызу жәйі де сөз болды. Өйткені шаршаған көлік тізгіншісінің қараңғы сәттерде тынығатын орындарының болмауы себебінен де қайғылы оқиғалардың орын алу ықтималдығы жоғары. Сондықтан тасжол бойына кемпингтер салу ісіне де инвесторлар тартылуы тиіс. Бұл жұмысқа жауапты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Бауыржан Аймағамбетовтің де жұмысына қатысты сыни пікір айтылды. Оған бір апта ішінде жоба ұсыну тапсырылды. Кеңесті қортындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Бұдан бөлек аймақ басшысы БҚО ПБ мен МКД-ның мамандарына Ресейден аймаққа кіргізіліп жатқан көліктерге бақылауды күшейтіп, көлік сатумен шұғылданып жүрген кәсіпкерлерге қатысты салық төлеу ісін жуық арада қолға алу қажеттігін ескертті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.