0:00 / 0:00
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де "Жасыл ел" жасағының кезекті еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды. Білім ордасы 2005 жылдан бері "Жасыл ел" қозғалысын дамытуға айрықша үлес қосып келеді. Биыл "Жасыл ел" жастар еңбек және құрылыс жасақтарының штабымен ресми меморандум жасалған. Ресми келіссөз жасалмас бұрын да білім ордасының жастары еңбек жасақтарында жемісті еңбек етіп келген болатын. Ал жаңа бастама сол жұмыстарды одан әрі күшейтуге негізделіп отыр.
Салтанатты шараға штаб жетекшісі, университет басшылығы және жастар қозғалысының сарбаздары қатысты. Шара барасында студент жастарға арнайы жұмыс формасы берілді. Ал жаңа 17-ші еңбек маусымының бастауы ретінде білім ордасына "Жасыл ел" жасақтарының туы салтанатты түрде табысталды. Биыл БҚАТУ-дың 100-ден астам студенті «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс» еңбек жасақтарының қатарынан табылады.
Күні бүгінге дейін Жәңгір атындағы БҚАТУ-дың 5 мыңнан астам студенті «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс» еңбек жасақтарына тартылған. ЖАсақтың бүгінгі сарбаздары білім ордасының аумағын тазарту, абаттандыру жұмыстарына кірісіп кеткен. Күнделікті ағаш егіп, ғимарат маңын көркейтуге өз үлестерін қосуда.