0:00 / 0:00
БҚО ауру таралу көрсеткіші бойынша сары аймақтар тізіміне енуі себепті, облыста карантиндік талаптар жеңілдеді. Жаңа қаулы екінші маусымнан бастап күшіне енетін болады.Облыстың сары аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Атап айтқанда енді жексенбі күндері сауда орындары мен жабық базарлардың жұмыс жасуға рұқсат берілді.
Алайда жиналыс, кеңестер, семинар, конференциялар селекторлық режимде және бейнебайланыс арқылы өткізіледі. Басқа да карантиндік талаптар сақталады. Кешегі күні облыста ауру жұқтырған 75 адам анықталды. Облыста 68 мыңға жуық адам вакцина қабыдаған.