Аталмыш шара 6 қарашадан басталып, 10-шы қарашаға дейін жалғаспақ. Акция барысында барлық құқық қорғау қызметкерлері қару тіркелген азаматтарды тексеруді жоспарлап отыр. Яғни, полиция қызметкерлері қаруды сақтау мен оның лицензиясында жіті тексермек. Бүгінгі таңда, шаһарымыздың аумағында 7200-ден астам тегіс қару, 500-ден астам газ бен 6 электр қаруы тіркелген.