Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пайғамбардың қызына көмек етіңіз (Аттасына)

c 18:10, 26/05/2021 c 1050

0:00 / 0:00

Алты айлық Фатима Асқар жомарт жандардың көмегіне мұқтаж. Кішкентай сәбиге жұлын бұлшық етінің атрофиясы деген диагноз қойылған. Фатима қазір өмір үшін күресіп жатыр. Алты айлық ғұмырында түрлі медициналық сараптамадан өтіп, дәрігерлердің қабылдауында болған. Наурыз айында оған осы сирек кездесететін диагноз қойылады. Сәбиге құны 2,3 млн. доллар тұратын Золгенсма уколы шипа болмақ. Екпенің құны ұлттық валютаға шаққанда 1 млрд. теңгені құрайды. Бауыр еті баласына ем болатын дәріні сатып алуға көпбалалы отбасының қалтасы көтермейді.

Оралдық көпбалалы отбасы бұқара халықтан көмек сұрайды. Жас отбасының кенже қызына сирек кездесетін жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойылған. Алты айлық Фатима қазір өмір үшін күресіп жатыр. Ата-анасы сәбилерінің денсаулығында кінәрат барын бір жарым айында байқап, дәрігерлерге қарата бастапты.

Бірнеше айға жалғасқан қан талдаулары мен зерттеулерден соң алты айлық сәбиге ауыр диагноз қойылған. Фатима №2 қалалық емханада тіркелген. Медициналық мекеме дәрігерлері мұндай диагнозды науқастар өз учаскелерінде бұрын-соңды кездеспегенін айтады. Мамандар қазіргі таңда Фатиманың барлық құжаттарын дайындап, ем-шараның хаттамасын күтіп отырғанын жеткізді. Алайда бұл құжат тек бір айдан кейін келеді екен.

Негізі осы сирек кездесетін жұлын бұлшықетінің атрофиясына бір ғана екпе ем болатын көрінеді. Америкалық дәрінің бағасы 2,3 млн доллар тұрады. Қымбат дәрінің құны теңгеге шаққанда 1 млрд.-ты құрайды. Жас отбасы мен тума-туыстары барлық мал-мүлкін саудалап, қарыз алса да мұндай қыруар қаржыны жинай алмайды. Сол себепті бауыр еті баласының саулығы үшін күресіп жатқан ата-ана қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Бауыр еті баласының өмірі үшін күресіп жатқан ата-ана Фатиманың емі шипалы болып, дертінен құлан таза сауығып, өзге балалар секілді балалық шағы бақытты болуын армандайды.

Қазіргі таңда Фатима ерекше күтімнің арқасында күн кешуде. Оның өкпесі жақсы жұмыс жасауы үшін құрылғымен тыныс алдырып, массаж жасайды. Фатимаға көмектесем деген жандар экранда көрсетілген әкесінің байланыс телефонына хабарласуына болады. Телефон нөмірі банк шотына тіркелген.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.