Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Ashyq» қосымшасын пайдаланбайтын кәсіпкерлік нысандары көп

c 18:15, 25/05/2021 c 790

0:00 / 0:00

Мониторингтік топ жұмысы тек хабарлама түскен сәтте ғана тексеру шараларын ұйымдастырады. Бұл туралы мониторингтік топ басшысы Аслан Жармұқанов мәлімдеді. Яғни, бүгінгі күні көпшілік шаралар азайып, көптеген кәсіпкерлік субъектілері "Ашық" мобильді қосымшасы арқылы жұмыстануда. «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы бүгінгі таңда 391 кәсіпкерлік субъектісі жұмысын бастаса, тағы 329 нысанда тестілеу режимі аяқталған. Жаңа жүйе мониторингтік топтар жұмысын жеңілдетіп отыр. Атап айтқанда қосымша арқылы тұрғындардың денсаулыққа қатысты статусы автоматты түрде анықталатындықтан мониторингтік топ бұдан былай тек шағым түскен нысандарға ғана тексеру жүргізе алады. Мониторингтік топтың басшысы Аслан Жармұқановтың айтуынша, бүгінгі күні «Ashyq» қосымшасын орнатқанымен, ол арқылы жұмыс жүргізбей отырған нысандар бар. Ескерту шаралары жүргізілуде. Олқылық екі рет қайталанса, онда кәсіпкерлік субъектісінің бірден екі айға жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылады. Оралда 20 мониторингтік топ болса, бүгінде оның 8-і белсенді жұмыс тәртібіне көшкен. Ал облыс бойынша 138 топ жұмыс жасайды.  Жыл басынан бері Оралда құзырлы мекемелерге 184 материал түскен. Санитарлық талаптарды сақтамаған Айбат, Юбейлейный, Алтынбас, Бәйтерек, Қоржын және Самал банкет залдары сот шешімімен екі айға жұмысын тоқтатыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.