Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Деркөлде жол құрылысы маусымда басталады

c 18:16, 24/05/2021 c 506

8 мыңнан аса халқы бар Деркөл кентіне тұрғындар 2011 жылдан бастап қоныстана бастады. Сол уақыттан бері коммуналдық жүйелер тартылып, мектеп, аурухана сынды әлеуемттік нысандар бой көтергенімен жол салынбай халық жаз бен күз айларында жол азабын тартып, толарсақтан саз кешіп жүр. 10 жылдан бері жыры бітпеген жол салынбағандықтан ашынған халық осыдан бірер күн бұрын құрылысы өткен жылы басталған Майлин көшесіндегі асфальт салу жұмысын аяқтауды талап етті. Бұған дейін де Деркөлдегі «Сарыарқа» шағынауданының тұрғындары бірнеше мәрте жиналып, биліктен жол құрлысын бастауды сұраған еді. Өткен жылдан бастап, «Деркөл» кент ретінде бөлек құрылып, өз алдына бюджеті бекітілді. Осы орайда әкімнің орынбасары Роман Жұмиев биылғы жылы бұл шағынауданда негізгі 7 көшенің жолына асфальт төселетінін айтты.Деркөл кентіндегі жол құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініпті. Қазына қаржысы көп кешікпей облыс бюджетіне түскен соң, «құрылыс жұмыстары басталады»,- деп сендірді шенеуніктер. Нақтырақ айтқанда маусымда жоспарлы жұмыстар бастау алмақ. Оны атқаратын жауапты мердігер мекеме анықталған.Биыл Оралдағы қала көшелерінің жолдарын қалыпқа келтіруге барлық қаржы көздерінен 8 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 70 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.