Орал қаласының жергілікті полиция қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды тексерді. Басты мақсат - бұрын істі болған адамдардың тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, яки алдын алу. Осы мақсатта тіпті арнайы "Рецидив" атты жедел алдын алу іс шарасы оздырылды. Жалпы Орал қаласы бойынша ішкі істер органдарында 740 бұрын істі болған адам есепте тұр. Шара барысында 200-ден аса жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жандар тексеріліп, олармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Егер де тәртіп бұзушылық анықталса, хаттама толтырылып сотқа жіберіледі. Ол жерде тұлғаға қатысты шартты жазаны бостандығынан айыру жазасына өзгерту қаралады. Жедел алдын алу шарасы барысында 1 тұлғаға қатысты іс соттың қаулысымен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға өзгертілді. Демек азамат кері темір тордың ар жағына тоғытылады.