0:00 / 0:00
Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеу нормасы енгізілді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Қазіргі уақытта Еңбек кодексіне сәйкес қашықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұрақты негізде пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші тұрған жерден тыс жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде айқындалған. Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы қызметкерлердің орта есеппен жетпіс пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне әкелді, - дейді депутат Жанат Омарбекова. Депутаттарды мазалағаны фитнесте немесе басқа қалада отырып, қашықта жұмыс істеуге бола ма? Палата төрағасы нақты депуттаттарға дауыс беруі үшін мәжіліс залында отырып жұмыс істеу керектігін айтып, әзілдеді.
Қашықтан ба, ғашықтан ба осы сөзді айта алмай жүрген қазақстандық шенеуніктердің қатарын, депутаттар толтырды. Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қорғаған депутат Жанат Омарбекова қашықтан сөзін, ғашықтан деп жеткізіп, банядамасын тәмамдады. Елдегі карантин талабы бойынша, қазір қызметкерлердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауысты. Осыған орай еңбек қатынастарын реттеу заңына қашықтан жұмыс істеу нормасы енгізіліп отыр. Осылайша, онлайн жұмыс істеп жатқандардың құқықтары реттелмек. Депутаттарды мазалағаны фитнес залында отырып,қашықтан жұмыс істеуге бола ма?
Мәжілісмендерді мазалаған сұраққа палата төрағасы нүкте қойды. Басқа қалада отырып, қашықтан жұмыс істеу депутаттарға бұйырмаған. Себебі, дауыс беру нүктесін қашықта отырып баса алмайсыздар деп әзілдеді спикер Нығматулин.
Сондай-ақ, жұмыскерлер қашықта отырып жарақат алған болса, ол өндірістік жарақат болып табылмайды. Жұмыс беруші карантин талабын сақтау мақсатында қашықта жұмыс істеуге жіберген болса. Ары-бері жүрмеген жөн дейді министрлік өкілі. Әзірге қашықта жұмыс істеу нормасы енгізілген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.