0:00 / 0:00
Татарстандағы қанды қырғын талайды толғандырып, қоғамды дүрліктірді. Қару асынған қылмыскердің қолынан 9 адам қайтыс болған еді. Оның жетеуі мектеп жасындағы жасөспірім. Осы қылмыстан кейін қару алуға рұқсат беру мәселесі майшаммен қаралуда. Қазіргі таңда Орал қаласында 5209 адамның қару ұстауға рұқсаты бар. Сала мамандары олардың қолында 7000-нан астам қарудың бар екенін айтады.
Қару сататын дүкеннің қызметкерлері: "Ең алдымен тұтынушының анықтамаларын тексеріп аламыз",- дейді. Қару сатып алуға келген жандар барлық рұқсат қағазын алып, жаттығудан өтуі керек.
Қаруды сақтау үшін арнайы дабыл жүйесіне қосылған жәшік болуы тиіс. Және ол жерге немесе жарға бекітілуі қажет. Полиция қызметкерлері қарудың иелерін үнемі тексеріп отырамыз,- дейді.
Татарстандағы жағдайдан соң, республикалық "Қару" жедел-профилактикалық шарасы аясында тексеріс күшейтілді. Акция аясында 130-ден астам құқық бұзушылық тіркеліп отыр.