Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа үкім шығарды

c 17:12, 14/05/2021 c 700

0:00 / 0:00

Қазақстан аумағында синтетикалық есірткінің ең ірі көлемі (30 келіден астам) тәркіленген іс бойынша сот үкімі шықты. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Украина азаматтары Игорь Дунаевский мен Виталий Малюкқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот төрағасының міндет атқарушы Бақыт Ермаханов ҚР ҚК 297-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, өткізу және қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу), 264-бабы 2-бөлігіне (трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу) сәйкес И.Дунаевский 19 жыл, В.Малюк 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптылар шет мемлекетте жүріп, өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асыру үшін тыңғылықты дайындалған. Кейін өзара серіктестік құрып, облыста бұған дейін болмаған «өндіріс орнын» ашқан. Осылайша олар Қазақстан аумағында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды дайындау және өткізу мақсатымен трансұлттық қылмыстық ұйым құрған. Теректі ауданы Ақсуат ауылының шетінен үй салып, бірнеше көлік сатып алған. Оларға тиесілі жасырын цехтан химиялық қоспаның сан алуан түрі табылыпты. Зертханада 30 келі синтетикалық есірткі дайындалған. Бірақ күдіктілер бұл іске полицияның қатысы бар деп кінәлады. Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.Украина азаматтары Батыс Қазақстан облысын арнайы таңдап алған. Және кәсіптерін дөңгелету үшін арнайы жоспармен, таңғылықты дайындықпен келген. Айта кеткен жөн олардың біздің облысқа келуіне негізгі себеп- тұрғындардың орыс тілін жетік меңгеруі. Және өңірдің Ресейдің бес облысымен шекаралас жатуы тағы бар. Олар бұл іске 36 мың доллар көлемінде ақша жұмсағанын тергеу барысында мойындапты. Оралды синтетикалық есірткі орталығына айналдырғысы келген Игорь Дунаевский 19 жылға, Виталий Малюк 18 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ. Айыптылар үкіммен келіскісі жоқ, сондықтан аппеляциялық шағым жолдамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.