Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектептерде қауіпсіздік жоқ

c 10:11, 13/05/2021 c 586

0:00 / 0:00

Қазандағы қайғылы жағдай бізге сабақ болуы керек дейді Парламент депутаттары. Кеше Татарстан астанасы Қазан қаласының №175 мектеп гимназиясында 19 жастағы жеткіншек  оқ жаудырып, салдарынан  9 адам ажал құшып, 21 адам зардап шекті. Қазандағы қайғылы оқиғада  көз жұмған балалардың барлығы 8-сынып оқушылары екен.  Оқ атқан жас жігіт осы гимназияның түлегі болып шықты. Қаскөй тұтқынға алынды. Депутат Андрей Линник үкіметке жолдаған сауалында, Қазақстандағы мектептерде қауіпсіздік шарасы сақталмағанын айтты. Мектепті зейнет жасындағылар күзететінін, білім ордалары толық бейнебақылаумен қамтылмағанын, дабыл қағу құрылғысы қойылмағанын айтып сынады. Мәжілісмендер ел мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамту үшін, күзетті күшейтуді талап етті.

Бала қауіпсіздігі-басты мәселе. Татарстан елінде орын алған қайғылы оқиға бізге сабақ болуы керек. Ел мектептеріндегі қауіпсіздік шараларын қамту әлі де болса кенже қалып отыр. Антитеррористік орталықтың мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 3 мыңнан астам  білім және мәдениет нысаны террористік қауіпке жауап бере алмай отыр. Бүгінде мектептердің бәрі бірдей бейнебақылау орнатылмаған, дабыл қағу құрылығыс да жоқ. Мектептің кіре берісінде отыратын күзет -зейнеткерлік жастағы апай немесе ағай. Егде жастағы адам  мектепке қауіп төнген сәтте балаларды қорғай алмайтыны сөзсіз. Арнайы күзет жоқ.

Андрей Линник –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Мектептерді зейнеткерлер күзетеді. Олармен сыпайы сөйлесіп, алдап өтіп кету қиын емес. Ал қаскөй адам мектепке келсе, оған қалай төтеп береді. Ол алдында тұрған егде жастағы адамды таптап кетеді. Бізде мемлекеттік органдарға кіру мүмкін емес. Полиция мен әскери күштерді тартып, қамал қойып алған. Ал мектептер мен балабақшаларға емін-еркін  кіріп-шығып жүре береді».

Оған қоса депутат Қазақстан заңнамасында 18 жастағы азаматқа қару ұстауға рұқсат беретін нормаға тоқталды. Өздеріңізге мәлім, Қазан қаласындағы мектепке 19жастағы жігіт суық қарумен келіп, оқ жаудырғанды.  Салдарынан 2 мұғалім, 7 оқушы қаза тапты. Бұл жағдай ойландыруы керек дейді депутат.

Андрей Линник –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Біздің заңнама бойынша 21 жасқа келгендерге алкоголь ішімдігі сатыла береді, ал 18 жасқа толған жастарға қару ұстауға рұқсат бар. Қаруға лицензия алу үшін нарко және психо диспансерде есепте тұрған жоқ деген анықтаманы ғана сұрайды ».

Бұл орайда депутаттар үкіметтен  мектептерді қорғау мәселесін қатаңдатуды сұрады. Білім ордаларында дабыл түймесі болуы керек, бейнебақылау мен дабыл қағу құрылғысымен қамтылуы тиіс. Мектепті зейнткерлер емес, арнайы дайындықтан өткен полицейлер күзетуі керек. Кіре-берісте тексеру күшейтілуі тиіс дейді олар. Сондай-ақ, мәжілісмендер ковидтің таралуына байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамту мақсатында, биылғы 9-11 сынып түлектерінің мемлекеттік емтихан тапсыруын тоқтатуды сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше  бүгінгі күні  604 623 адам толыққанды вакцина алды. Бұл жалпы халықтың 3,2 пайызын ғана құрайды. Вакцинациялау деңгейінің төмендігін ескере отырып,  жабық кеңістіктерде ұзақ емтихандар өткізу  қауіпті дейді депутаттар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.