Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туберкулез бен қызылша індетіне шалдыққандар азайған

c 16:30, 11/05/2021 c 784

2021 жылдың төрт айында БҚО-да 103 адамнан туберкулез анықталған. Мамандар жыл санап жұқпалы індетті жұқтырған науқастардың саны азайып келе жатқанын айтады. Өткен жылдармен салыстырғанда аурушаңдық 8,3 пайызға кеміген.

Коронавирус пандемиясы басталғалы өзге жұқпалы аурулар туралы аз айтылып, дерт көрсеткіштері де жаман індет тасасында қалғандай. Бірақ басқа жұқпалы ауруларды жұқтырып, төсек тартып сырқаттанған жандар аз емес екен. Биыл 103 батысқазақстандық туберкулезге шалдығып, ем-домын қабылдап жатыр. Мамандар осы жылы өзге жылдармен салыстырғанда 8,3 пайызға науқастардың саны кемігенін айтады. Балалардың арасында да жұқпалы дертті жұқтырғандар азайыпты. Санитарлық дәрігерлер бұл орайда уақытылы медициналық тексерістен өтіп, балаларға манту егудің маңызы зор болды,- дейді.

Туберкулезден бөлек жұқпалы қызылша да қоғамға қауіп төндіреді. Биыл абырой болғанда аталмыш қауіпті жұқпалы ауру жан баласынан анықталмаған.

Мамандар қызылшаның эпидемиясын болдырмас үшін бір ауыздан вакцина қабылдау қажетін
алға тартады. Осы індетке қарсы екпе алғаш баланың бір жасында, кейін алты жасында салынады. Бұл екпе жиырма жылға дейін қызылшаға қарсы иммунитет қалыптастырады екен.

Сурет https://kazmedic.org/ сайтынан жүктелді

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.