0:00 / 0:00
Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша электрондық аукцион өткізді. Аукционда кен орнын сатып алушыға жерді мешніктей алмайды, оған тек жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі. Бұл жайында энергетика вице-министрі Жанат Жахметова мәлімдеді. Жақында 8 мұнай-газ участігі сатылымға шыққан. Онлайн режимде өткен аукцион бұдан әрі де жалғасын таппақ.
2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанда алғашқы рет жер қойнауын пайдаланушылар үшін онлай-аукцион өтті. Аукционнан бюджетке 61 млрд теңге түсім түсті. Энергетика вице-министрі Жанат Жахметованың айтуынша, 8 мұнай-газ участігі онлайн аукционға шығарылып, сатылды.
Министрлік барлау мен өндіру жұмыстарын жылына екі реттен көп жүргізуге құқық беретін электронды аукциондар өткізуді жоспарлап отыр. Жер қойнауын пайдаланушы кенорнына құқық алғаннан кейін, жергілікті басқарушы органмен жерді жалға алу туралы келісімге отырады. Аукцион онлайн және жасырын түрде өткізілгендіктен, қатысушылар бірін-бірі көрмейді. Бұл ақпарат аукционды өткізіп отырған энергетика министрлігінің қызметкерлері үшін де қолжетімсіз. Аукционда көздегеніне жеткен жер қойнауын пайдаланушы, кенорнында жұмыс бастамас бұрын, жергілікті халықтың пікірін тыңдауы керек.
Өткен жылы комиссияға кіргендер саны 22 адамнан 33 –ке артты. Оның құрамына «Атамекен» ҰКП өкілдері, заңдық тұлғалар бірлестігі, жоғары білікті мамандар, көмірсутегі саласындағы мамандар кіреді. Оған қоса тәуелсіз сарапшылар саны да артты. Бұл аукцион барысында сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін жасалып отыр дейді министрлік өкілдері.