0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында алыс сапарға шығып, жолда қалып қойған жүкті әйелді полицейлер қызметтік көлікте босандырып алған. Оқиға биыл қытымыр қыста Самара-Шымкент тас жолында болған.Дәл сол күні қыс қаһарына мініп, ақтүтек боран соғып, үскірік аяз түскен. Жолдағы тәртіпті қадағалап жүрген Ерніс пен Тимур трасса бойында тұрған жеңіл көлікті байқаған. Полицейлерді көрген жүргізуші жүкті әйелін ауруханаға алып келе жатқанын, алайда жолда тұрып қалғанын айтыпты. Тәртіп сақшылары бірден келіншекті қызметтік көлігіне мінгізіп, қалаға қарай жүйткіген. Алайда...
Осылайша ақ халаттыларға шақалақ пен анасын аман табыстаған тәртіп сақшылары қызметтік міндеттеріне одан ары қарай кірісіп кетеді. Айта кеткен жөн, жолда босанған келіншек Теректі ауданы, Алғабас ауылының тұрғыны. Онымен байланысқа шығып, жағдайын білмек болған бізге қандай да ақпарат беруден бас тартты. Бүгінде ана мен баланың денсаулығы жақсы. Отбасы мүшелері қос полицейге алғысын жаудырды.Сюжетте баяндаған кейіпкерлеріміздің қай-қайсысы да қызметіне адал екенін дәлелдеген жандар. Әскерилердің ерлігі құрметке лайық, әйтсе де бұл үшін олар сый-сияпат сұраған емес. Ел үшін еңбек етуді бәрінен биік қояды жігіттер.