Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цой депутаттарды әбден шатыстырды

c 18:39, 05/05/2021 c 838

0:00 / 0:00

«Елдің бәрін шатыстырып болдыңыз!» Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осылай деп ұрсып тастады.  Министрлік ковидке қарсы вакцинаның біріншісі мен екіншісінің арасы 21 күн, одан кейін 45, енді 90 күн  болуы тиіс деп мәлімдеуде. Одан қалды вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 1,5 млн деп сүйіншіледі. Алайда, екі компонентті алғандар ғана толық вакцина алған болып саналады. Ал вакцинаның екінші компонентін алғандар саны 400 мың адамды құрап отыр. Саннан сүрінген Цой депутаттардан сөз естіді. Ал мәжілісмен Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияны толық жүргізе алмай отырып,  шенеуніктері «сәтсіздіктері үшін» өздеріне 15 миллион теңге үстемеақы алғандарын айтты.

Мәжілістің жалпы отырысына министрлер кабинеті толық келген екен. Депутаттар да журналистер сияқты денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қолдарына түсіре алмай жүрген болуы керек. Жиында Цойды әбден сынады. Денсаулық сақтау министрлігінің ковидке қарсы халықты вакцинациялау жұмысын ұйымдастыра алмай отырғаны айтылды. Президент  жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе жасауды тапсырды. Ал үш айдан бері вакцинаның бірінші компонентін 1,5 млнға жуық ғана адам алды. Сәуірде 2 миллионға жеткіземіз деген Цойдың сөзі жерде қалды.Депутаттардың айтуынша, вакцинаның бір дозасы салынғандар толық екпе жасатқан болып табылмайды. Бүгінде екі компонентті жасатқадар саны бар-жоғы 400 мың адамды құрап отыр.  Министр болса вакцина жеткілікті.Халық енді белсенділік танытуда деп ақталды.

Алексей Цой –ҚР денсаулық сақтау министрі «Екінші компонентті бірінші компоненттен кейін міндетті түрде  алу керек. Екеуінің арасы 21 күннен әрі кетсе 45 күн. Яғни, кез-келген жағдайда біздің азаматтар екінші компонентті алады.  Бірақ  бірінші компонентті салдырғаннан кейін 15-інші күні ағзада антиденелер пайда бола бастайды».

Бас дәрігердің бұл жауабы  мәжілісмендерді қанағаттандырмады. Палата төрағасы министрге «елді әбден шатыстырдыңыздар» деп ұрсып тастады.

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Елдің бәрін шатыстырып болдыңыздар!Алексей Владимирович, сіз дипломыңызда  денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы деп жазылған. Сондықтан өз жұмысыңызды  ұйымдастыра біліңіз. Бүгінгі күні екі компонентті алғандар саны 400 мың ғой. Адамдардың басын қатырмаңыздар. Екі вакцина ма, яғни екі вакцина алу керек. Бірнішіден соң 15 күнде антитела пайда болады дейсіз. Өзіңізді ақтап алып отырсыз. Нақты айтамыз келістік пе? Дауысыңыз шықпай қалды ғой, келістік пе?»

Министр айтқандай 400 мың адам ғана екі компонентті алған болса, бұл халықтың 2 пайызы толық вакцинацияланды деген сөз дейді  депутат Перуашев. Мәжілісмен  денсаулық сақтау министрлігі елде вакцинациялауды ұйымдастыра алмай отырып, шенеуніктері 15 млн теңге үстемақы алғанын айтты.

Азат Перуашев – ҚР ПМД «Осыдан кейін қандай ұжымдық қауіпсіздік туралы айтуға болады? Тіпті осы жердің өзінде Денсаулық сақтау министрлігі жағдайы белгілі болып қалды. Бүгін министр екі дозаның арасы  21 күн деді. Өткен аптада 90 күн деп айтылған. Кешіріңіз, 90 мен 21 сандарының айырмашылығы үлкен. Осындай сәйкессіздіктердің кесірінен кәсіпкерлерге айыппұл салынып, түрмеге жабылуы мүмкін екенін, ал министрлік шенеуніктері мұндай сәтсіздіктеріне қарамастан өздеріне үстемеақы ретінде 15 млн теңге алып отыр».

Жалпы отырыста  Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінетіні мәлім болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой зауыт жыл соңында іске қосылады деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.