Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сарбаздар не жеп жүр?

c 19:02, 30/04/2021 c 1173

0:00 / 0:00

Қазақстандық әскерилердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілмек. Бұл жайында Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты. Оның айтуынша, әскерилерді тамақтандыруға 22 млрд теңге бөлінген.Енді әскердегі сарбаздар жылқының, қойдың етін жеп бір тоймақ. Айта кету керек, әскердегі командирлер де мемлеект есебінен тегін тамақтанды.

Бүгінде қазақстандық әскерилердің жеп жүрген тағамдарына 48-ден 61-ге дейін азық-түлік атаулары кіреді. Оның ішінде сиыр, құс еті, балық, ірімшік, шұжық, сүзбежеміс-жидеткре тағы басқалары. Қорғаныс министрінің орынбасары Таласов мырзаның сөзіне сенсек, әскердегі сарбаздардың тамағы мейрамханадан кем емес. Алайда, жақында әлеуметтік желіде  Жамбыл облысындағы Луговой гарнизонында әскери сарбаздарға берілетін тамақтың видеосы тарады.Бұл желіде қатаң сыналды. Қазақстандық сарбаздардың жағдайы түрмедегілерден де жаман ғой деген пікірлер жазылды.

Мұхамеджан Таласов – ҚР қорғаныс министрінің орынбасары «Бұл 2019 жылғы оқиға. Ол үшін әскери бөлім командирі қызметінен кетті. Сарбаздарды тамақтандарған фирмаға жарты миллион  айыппұл салынды. Сондықтан біз тамақ сапасына көңіл бөліп отырмыз. Осындай жағдай орын алса сотқа береміз».

Өкінішке орай,әскерде  кейде сапасыз қызмет көрсету орын алып жататынын қорғаныс министрлігіндегілер мойындап отыр. Осы жағдай әсер етті ме, енді отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздарымыз ботқа ғана жеп қоймайды,  ұлттық тағамдардан да ауыз тимек.

Мұхамеджан Таласов – ҚР қорғаныс министрінің орынбасары «Тамақтану академиясымен бірлесіп,  әскерилердің ас мәзірін ұлттық тағамдармен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Жылқы, қой етін қосамыз. Балық береміз. 2018 жылдан бері әскердегі командирлерден бастап,  барлық келісім шарт  бойныша қызмет етіп жатқан әскрилер мемлекет есебенінен тегін тамақтанады».

Осылайша қорғаныс министрлігі сарбаздардың ғана емес, командирлердің де асқазанын ойлап қойған екен.Биыл әскердегілерді тамақтандыру үшін қазынадан 22 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтерді бағалау аналогы бойынша барлық тамақтану орындарында планшеттік жүйе енгізілуде, оның көмегімен әскери қызметшілер аспаздардың жұмысын бақылайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.