0:00 / 0:00
Екі күнге жоспарланған «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинарға жиналған мұғалімдер кадр тапшылығы, «білім бейінінің» ерекшелігі, жаңартылған 12 жылдық білім мазмұнын талқыламақ. Білім саласындағы тағы бір жаңалық - колледж студенттерінің «қолданбалы бакалавриат» дипломына қол жеткізу мүмкіндігі болып отыр. Бұл колледж студенттерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін нығайтуға сеп болмақ.