Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызылордалық аналар бас көтерді

c 09:40, 28/04/2021 c 548

0:00 / 0:00

Қызылордадан келген  көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар елордада бас көтерді. Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы министрлер үйінің алдына жиналған қызылордалық аналар баспана мен балаларының денсаулығына қатысты мәселелерді арқалап келген екен.  Аналар құзырлы орган басшыларының алдарына шығуын талап етті.

Ел астанасына ат шаршатып жеткен қызылордалық 10 ана  поездан түсе салып, министрлер үйі алдына келді. Олар баспана мен балаларының денсаулығына қатысты мәселелерді шешіп беруді талап етті. Көпбалалы аналар үкімет, парламент үйіне өтуге талпынып еді, оларды тізіле қарсы алған арнайы жасақ өткізбей қойды. Әйелдер шеруіне еті үйренген тәртіп сақшылары бірнеше автобус келіп, 10 әйелді қоршап алды.  Қызылордадан келген аналар, ол жақтағы әкімшілік көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасыларын баспанамен қамту, олардың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешпей отыр дейді. Осылайша Қызылорда әкімдігінен үміт үзген әйелдер, жоғарғы жаққа шағымданғанды жөн көрген.

Олардың айтуынша, мүгедек балалары үшін алып отырған жәрдемақылар аз. Пәтер жалдап тұрып жатқан көпбалалы отбасыларына қолдау жоқ.  Әкімдіктің құрғақ уәдесінен шаршадық дейді. Наразы топ баспана мәселесін шешетін индустрия министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі басшылары және әкім алдымызға шықсын деп талап етті. Алайда,оларға еңбек министрлігінің қатардағы қызметкерлері шығып, әйелдерді қабылдау бөліміне алып барды.

Асқар Ниязов – ҚР ехәқм департамент  директоры «Біздің министрліктің алдына келіп тұрғасын, қабылдадық. Шағымдарын тыңдадық. Алайда, олардың  талабы баспана мәселесіне қатысты. Бұл біздің құзырымыздағы мәселе емес, бірақ жауапты министрліктерге ұсыным береміз».

Дегенмен, аналармен кездескен министрлік өкілдері оларға әлеуметтік кемек көрестілетіні жайында айтып берді. Үкіметте арнайы әлеуметтік баспана бағдарламасы қабылданғаны мәлім. Бұл бағдарлама бойынша көпбалалы отбасына ипотека алуға мүмкіндік берілмек. Тек  пәтер құнының 10 пайызын бастапқы жарна ретінде құю керек болады. Сондай-ақ, арендалық пәтер де беріледі. Алайда, сол арендалық баспананы алу үшін жылдар бойғы кезекті күту керек. Бас көтерген қызылордалық аналарға елорда әйелдері де қосылды. Бәрінің басты талабы-баспана.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.