0:00 / 0:00
Орал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған жандар мәдениет және демалыс саябағында ағаш отырғызды. Істі болған жиырмадан астам жан президенттің тапсырмасын орындауда.
Оралда сотталғандар қалалық мәдениет және демалыс саябағында бір топ үйеңкі ағаштарын отырғызды. Канадалық үйеңкі жақсы күтім болса, 1 ғасырға жуық өсуі мүмкін. Шараның мақсаты-істі болған жандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жалпы Орал қаласында шаһар басшысының қаулысына сәйкес, екі айлық санитарлық сенбілік ұйымдастырылады. Күні бүгінге дейін мемлекеттік мекемелер, волонтерлар мен тұрғындар тонналаған қоқыс жинап, сенбілікке қатысты.
Санитарлық сенбіліктің екінші айында облыс орталығында ағаш отырғызу басталмақ. Мамандарының хабарлауы бойынша, қалада мыңдаған тал-терек отырғызу жоспарланыпты. Мөңкеұлы мен Гагарин сынды үлкен көшелерге басымдылық беріліп, қаланың іргесінде орналасқан кенттерде де тиісті жұмыстар атқарылмақ.