0:00 / 0:00
Өңірде 1 мамырдан бастап карантинге байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері орынбасарының 26 сәуірдегі қаулысымен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу үшін периметр бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Теректі және Шыңғырлау аудандарының кіреберіс жерлеріне блокпостар орнатылады.Блокпостардан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық ұйымдарда ем алушылар, жүк тасымалдаушылар және транзиттік жолаушылар, вахта әдісімен жұмыс жасайтындар және оларды тасымалдайтын көліктер кедергісіз өте алады. Сол секілді көктемгі далалық жұмыстармен шұғылданушылар да бұл санатқа кіреді. Барлық бағыттағы жүк тасымалымен, шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін құрал-жабдық, материалдармен айналысатын адамдар анықтамасы болған жағдайда блокбекеттерден өтеді. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, ауру көрсеткіші төмендеп, жағдай түзелер болса, бір апта ішінде бекеттерді алып тастау мәселесі қайта қозғалатын болады. Оған қоса облыс көлемінде «Ashyg» жобасы енгізіледі. Соған сәйкес БҚО кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға өтінімдерді қарау үшін тізімді әкімдікке жібереді. Жобаға қатысушылар арасында заң бұзушылықтың алдын алу және кәсіпкерлік нысандары арасында «Ashyg» қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жасы 65-тен асқандарға аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерлерінен кетпеуге кеңес беріледі. Ал жолаушылар әуежай мен темір жол вокзалына билетті көрсеткенде ғана кіргізіледі.Блокбекеттер қала мен аудан шекарысына қойылып, тәртіп сақшылары мен дәрігерлер ауысым бойынша қызметке тартылады.