Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақ болыңыз!

c 10:07, 27/04/2021 c 470

0:00 / 0:00

Қазақстанда ағымдағы жылдың үш айында 6,8 мың интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. ІІМ хабарлауынша, қазақстандықтар телефонға маза бермейтін алаяқтарға сенбейтін болғасын, қылмыскерлер адамдардың есеп-шотынан ақша жымқырудың жаңа жолын ойлап тапқан.  Онлайн-жеткізіп беру әдісін өз пайдасын асырып жатыр. Полицейлердің айтуынша, қашықтан қылмысын жасап жатқандардың көбі шетелде отыр. Сондықтан оларды тауып, жазалау қиынға соғуда.

Қазақстанда интернет-алаяқтардың қолы жүріп тұр. Бұл саладағы қылмыс саны былтырғыдан да артып отыр. Бұған дейін 11 –ге тарта екінші деңгейлі банк интернет-алаяқтардың көбейіп жатқанын айтып, шағымданған болатын. Олардың айтуынша, алаяқтар өздерін банк өкілдеріміз деп таныстырады. Клиенттің есеп-шотына қауіп төнді, ақша ұрланды деген жалған ақпарат береді. Ақшаны сақтандыру агентіне аударуды ұсынады. Сондай-ақ, қылмыскерлер сыйлық ұтып алдыңыз, арнайы қаржылық қызмет беріледі, қайырымдылық акциясына қатысыңыз деген жалған хабарламаларды да жиі жолдайды.

Қанат Нұрмағамбетов – ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары «Азаматтардың ұялы телефондарына хабарласып, өздерін банк өкіліміз деп таныстырады. Есеп шотыңыздағы ақша жайында мәліметтерді айтып, банк картасының нөмірін атауды сұрайды. Осылайша, сізден барлық мәліметті алып, ақшаңызды өзіне аударып алады. Сондай-ақ, алаяқтар сыйлық ұтып алдыңыз деген әртүрлі хабарламаларды да таратады».

Азаматтардан банк картасының жасырын сөзін сұрауға полицияның да, банк қызметкерінің де құқығы жоқ. Банктерде мұндай жағдайда телефонды өшіре салуға кеңес береді. Алаяқтармен сөйлесудің де қажеті жоқ. Есеп-шотыңыз жайында мәліметті мүлдем атауға болмайды. Көп жағдайда бұл қылмыстар шетелде отырғандардың қолымен жасалады. Әрине олардың Қазақстанда ауыз жаласқан адамдары бар. Солар арқылы мәліметті алып, өз елінде отырып хабарласып, шаруасын тындырып отырады. Сол себепті де полицияға алаяқтарды тауып, жазалау қиынға соғуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.