0:00 / 0:00
"Ақжайық" ФК сенбіде көршілес Ақтөбе командасын қабылдап жеңіске жетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жерлестеріміз намысты қолдан бермеді. Футболдан Қазақстан кубогі үшін өткен ойында 14 сәуір күні бірінші лигада ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигадағы мықты командалардың бірі- «Ақтөбені» өз алаңында қабылдады. Ойын басталысымен қарсыластар қақпасының құлпы да ашылып үлгірді. Гол авторы - Иван Антипов.Бұл жолы бас бапкер - Владимир Мазяр шәкірттері ойын тактикасын өзгертті. Қос қапталда қорғаныс күшті болды. Нәтижесі айқын, Ақтөбеліктердің бірнеше гол соғуға мүмкіндігі болғанымен қарсылас қақпасынан саңылау таппады.«Ақжайық» енді 28 сәуірде сырт алаңда «Астанамен» кездеседі.