Жыл басында қазақстандықтар зейнетақы қорында артылған қаражатты жұмсауға мүмкіндік алды. Осындай мүмкіндікті алу үшін 11494 батысқазақстандық өтініш жіберген. Оның 8200-ден астамы жиналған қаражатын шотына аударып, игілігін көріп отыр. Сала мамандары өтініш білдірген азаматтардың 164 ғана емделу үшін деп артылған ақшасын сұратқанын айтқан.